
Abai TV
1960 жылы 29 қазаннан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе филиалы хабарлар тарата бастады...
Филиал қала мен қалаға жақын елді мекендерге 10-шы арна бойынша тәулігіне 14 сағат, 8-ші арна бойынша облысқа 1 сағат хабар таратады.
Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығады.
«Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басты мақсаты мен міндеті – облыстың саяси-экономикалық дамуы мен мәдени-әлеуметтік жағдайын, ел өміріндегі жаңалықтарды, өзгерістерді қалт жібермей хабарлар дайындау, мемлекет саясатының жергілікті жерде қалай жүзеге асып жатқандығын көрсету, халыққа қажетті ақпарат тарату.
Source: https://aktobetv.kz